“Оралхан Бөкеевтың туғанына 75 жыл толуына орай әңгіме өткізілді”

25.09.2018

24 қыркүйек 2018 жылы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың Стационардан тыс қызмет көрсету жұмыс жоспары бойынша «Сәкен және компания» ЖШС мекемесінде  қазақтың жазушысы, драматург Оралхан Бөкеевтың туғанына 75 жыл толуына орай әңгіме өткізілді. Мақсаты: Қазақ жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің  әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы насихаттау.
Оқырмандардың бойына азаматтық гуманистік қасиеттерді дарыту, сөз тереңдігін түсініп бағалай білуге, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Кітапханашы Сағынтаева Зайра Оралхан Бөкей жайлы мәліметтер мен өмірі мен шығармашылығы жайында толық мағлұмат бере отырып, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, ана тіліне деген қамқорлықты күшейту жайлы айтып өтті.