«Суицид – қасіреттің қара түнегі»

25.09.2018

Хаттама

2018 жылы 25 қыркүйек Жаңаарқа ауданының  орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9-шы сынып оқушыларына «Арай» ашық сырласу клубының жұмыс жоспары бойынша «Суицид – қасіреттің қара түнегі» атты әңгіме сағатын өткізді. «Арай» ашық сырласу клубының жетекшісі Сәтбаева Ботагөз сөз бастап, жасөспірімдер арасындағы суицид немесе өзіне-өзі қол жұмсаудың  алдын алу жолдарын айтып кетті. Келесі кезекте кітапханашы Сағынтаева Зайра суицидтің шығу тарихын,  суицидальді белсенділіктің қай жастан бастау алатынын, оның мінез-құлықтық типтерін, түрлерін, өз өмірін қию – аманатқа жасалған қиянат екенін атап өтті. Оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырылып, олар өз ойларын ортаға салды. Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өскенбаева Жүбәйла  мен психолог Шакенов Айбол оқушыларға  өзіне-өзі қол жұмсаудың қазіргі таңда 80-ге жуық тәсілі анықталып отырғанын, әлемде кең тараған түрлері: асылу, суға кету, улану, биік жерден секіру, қару қолдану, т.б. түрлерін атап, суицидтің алдын алу мәселесі туралы өмірде барлық нәрсеге шыдамдылықпен, сабырмен қарау керектігін түсіндірді.