“Өз үйім, өз жерім – алтын қазығым, өз үйімді таза ұстау парызым”

25.09.2018

Аудан әкімі Ю.А.Бекқожиннің тапсырмасына сәйкес 2018 жылғы 17 қыркүйек-15 қазан аралығында аудан бойынша елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы жарияланып, “Өз үйім, өз жерім – алтын қазығым, өз үйімді таза ұстау парызым” атты ұранмен акция бастау алды. Біздің кітапxана ұжымы тазалық бейсенбіліктері мен абаттандыру сенбіліктерінде тазалау, асфальт жиегіндегі құмды алу, бордюрлер мен ағаштарды, бағаналар мен қоршауларды сылау, сырлау,әктеу жұмыстарын жүргізді.