«Қарттарым – асыл қазынам»

02.10.2018

1 қазан 2018 жылы Жаңаарқа ауданының Мәдениет үйінде «Қарттарым – алып бәйтерек» атты мерекелік кеш өтті. Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімі «Қарттарым – асыл қазынам» атты кітап фуршеті ұйымдастырылды. Мақсаты: атаның  қасиетті  сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән-мағынасын оқырмандарға ұғындыру. Кітапханашы Сәтбаева Ботагөз қазақ әдебиетінің көрнекті классиктерінің кітаптарымен таныстырды.