“Сәкен Сейфуллиннің туғанына 124 жыл”

19.10.2018

15 қазан 2018 жылы ірі қоғам қайраткері, дарынды драматург, жалынды жазушы, ақын, жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің туғанына 124 жыл толуына орай, Сәкен Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінде ақынның кітаптарына библиографиялық шолу өткізілді. Атап айтқанда, Сәкен Сейфуллин Энциклопедия, «Сыр сандық», «Сұңқар Сәкен», «С.Сейфуллиннің музыкалық мұрасы», С.Сейфуллин шығармалары, Амантай Кәкен «Сәкен тағылымы», Т.Кәкішұлы «Сәкен аялаған арулар», т.б. кітаптардың мазмұны қысқаша баяндалды. Шолуды жасаған орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Г.С. Шолу 8, 11-сынып оқушылары арасында өткізілді.
Мақсаты: ақын Сәкеннің өмір жолы, шығармашылық ізденісін бүгінгі ұрпаққа насихаттау, тар жол, тайғақ кешіп жүріп, еліне мүлтіксіз қызмет атқарған ақынның дара жолын жастарға үлгі ету, шығармаларының тәрбиелік мәнін аша түсу.