“2018 жылғы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауы”

19.10.2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауы 2018 жылдың 5 – ші қазан күні жарияланды. «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Жолдау  еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және Қазақстандықтардын әл – ауқатын одан әрі арттыру міндетіне арналды. Аудандық орталықтандырылған кітапханада  Ақпараттық – библиографиялық бөлім меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Картайқызы кітапхана қызметкерлері арасында Елбасы жолдауын насихаттап тарату, кешенді міндеттер мен көптеген іс – шаралар оқырмандар арасында өткізу жайлы ұсыныс жасады. Елбасы жолдауы алты бағытта Қазақстан халқының табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға аталған шараларды тиімді жүзеге асырылуы, жалақының өсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы Қазақстан азаматтарының табысын арттырады. Қай кезеңде де табысқа деген нық сенім және  халықтың бірлігі ғана ел тағдырын шешкен. 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялауда еліміздің болашағы жастарды ынталандырып тұрғын үй, қолжетімді баспана, субсидия беруді оңтайландыру жұмыстарын алға қойды. Осы бағытта халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бағындыратын белестер алда, сол мұраттарға жетуді бүгінгі күннің талабы екенін түсіндірді. Жолдауды қолдап сөйлегендер Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.С.Ахмедина Кітап толықтыру бөлім меңгерушісі Ж.С .Смайлова және жастар атынан Г. Аманбаева, С.Е.Бақышева, А.Жаншораева, Г.А.Бергенова, А.Ж.Абдрашитова, Б.Т.Сатпаевалар жастарға берілген мүмкіндіктерге өз қуаныштарын білдіріп , Елбасы жолдауын қолдайтындарын және ел сенімін ақтайтын табысты жастар бола алатындарын айтты.