«Бір ел-бір кітап – 2018»

26.12.2018

«Бір ел-бір кітап – 2018»  акция бойынша биыл үш кітап
таңдалып алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды. Осыған орай 2018 жылы 24 қазан күні Жаңаарқа аудандық орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сағынтаева З.Т «Ұлы даланың ұлы перезенттері» атты презинтация жүргізді.
Мақсаты: Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу. Оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға рухани мұраны сақтауды насихаттады.