«Парасат пен білім ордасына – 75 жыл!»

26.12.2018

«Парасат пен білім ордасына – 75 жыл!»

 

«Кітахана – рухани байлық ордасы»

 

Жаңаарқа ауданының орталығында орналасқан киелі мекен білім мен парасат ордасы кітапхананың құрылғанына биыл 75 жыл толып отыр. Сонау 1930шы жылдары «Қызыл Отау» ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып 1943жылы кітапхана құрылды. Сол жылдан бастап кітапхана өзінің тарихи қызықты да қиын да жолдарынан өтті.

Осы кезде аудандық кітапхананың ашылуына Қадиша Әубәкірова, Әлкен Оспанова, Рашид Мақсұтов, Асан Есеновтер көп еңбектерін сіңірді. Және де кітапхана жұмысын ұйымдастырып жүргізген Қайша Қасымова (1943-1950жж.), Ғайша Жосқанова (1946), Балғатай Өтешов (1951-1955жж), Рымтай Шагировалардың еңбектері орасан зор.

1943 жылы аудандық кітапхананың кітап қоры 800 дана болса, қазіргі кезде кітапхана қоры 226007данаға көбейді, оның ішінде  мемлекеттік тілдегі кітап қоры – 153704дана.

Директорлар туралы деректер:

Қалимолдаева Роза Әбдірахманқызы -1969-1992 жж.,

Уатаева Клара Қадырқызы – 1992 -1997жж.;

Жарылғапова Гауһар Балтабайқызы – 1997-2011жж.;

Исаберлина Ғалия Мәжікенқызы – 2011-2018жж.;

2018 жылдың ақпан айында Ускенбаева Шынар Түлкібайқызы ОКЖ директоры болып тағайындалды.

1978 жылы аудандық кітапхана Жезқазған облысы бойынша алғашқы болып кітапханалар жүйесі орталықтандырылды. Кітапханалар өз жұмысын Мәдениет министірлігі бекіткен «Ережеге» сәйкес жүргізді. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда нақты жолдарының бірі кітапханалардың қоры мен каталогтарын кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестесін көшіру болып табылды. Бұл кестеге кітапханашылар баспасөз шығармаларының білім жүйелері бойынша мазмұнын ашып, оларды ғылыми  негізделген ретті қатарларымен көрсету арқылы оқырманның кітап қорын пайдалануын барынша жеңілдетуге қол жеткізілді.

Қоғамдық өмірдегі, еңбекті ұйымдастырудағы қатынастарды уақыт талабына сай адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық ой-пікірін, өмірге көзқарасын қайта құру кітапхана қызметкерлеріне жүктелді.

Заманның ағымына сай, өмірге жаңа көзқараспен қарап, жастардың көңілінен шығатын, әсер қалдыратын мәдени іс-шаралар  жүргізіліп отырды. Кітапханада жастар арасында белгілі бір тақырыпты талдап, көп ойдың түйінін түйіп, әркім өз ойын ортаға салып, ашық, айқын, айтады.

2006 жылдан ауыл кітапханалары да компьютерлендіріле бастады. ОКЖ бойынша 2008 жылы 25 компьютер болса, 2012 жылы 50 компьютер, 2016жылы 27 компьютермен толығып, қазіргі кезде компьютер саны 77-ге жетті. Сонымен қатар, кітапханалар телефон орнатылған.

2008 жылы Қызылжар кентінің, Байдалы би, С.Сейфуллин, Орынбай, Қараағаш ауылдық кітапханаларына «үлгілі кітапхана» мәртебесі берілді.

2012 жылы пайдаланушылардың талабын онлайн түрде орындау мақсатында ОКЖ сайты http://zhanlib.kz wев-сайты ашылды. Интернет залы құрылды.

Бұл сайтта пайдаланушылар үшін түрлі қызметтер мен ақпараттар ұсынылған: ОКЖ кітапханалары туралы ақпарат, ауданымыздың тарихы, дара тұлғалары, жерлес ақын-жазушыларымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат;
жаңадан түскен кітаптар мен мерзімді басылымдар, сандық нұсқаға түсірілген құжаттар, аудандық «Жаңаарқа» газетінің онлайн нұсқасы; Виртуалды онлайн-анықтамалық қызмет.

2014жылы алғаш рет аудандық кітапханада сәуір айында Қарқаралы ауданындағы әріптестерімізбен «Тарихы терең, тұғыры биік Арқаның алтын тәжі Қарқаралы» тақырыбында,қазан айында Ақтоғай аудандық кітапханасымен ғаламтор арқылы  «Алты Алаш ардақтаған, өмірі үлгі ғажап тым, Сәкен – сәні қазақтың!» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Конференция қазақтың атақты ақыны, жазушы, драматург,білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналды.  «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауданымыздағы ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кітапхана қызметкерлері арасында «Супер келіндер» сайысын да атап өткеніміз жөн.

ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауылдық кітапханашылар дайындаған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты әдеби-музыкалық кеші өткізілді. Бұл кеште «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты кітап көрмесі жасалды.

2015 жыл маңызды оқиғалармен ерекшеленді. «Қазақстан – 2050», «Мәңгілік ел», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы», «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Қазақстан халықтар Ассамблеясына 20 жыл», «Ата заңымыз – Конституцияға 20 жыл», «Ұлы Абайға-170 жыл»  атты кітап көрмелері жасалып осы тақырыптарды қамтитын аудан көлемінде «Мәңгілік ел – Мәңгі жаса!» әдеби-танымдық музыкалық кеші өткізілді. Ауданымызға  еліміздің зиялы қауымы, С.Сейфуллиннің ұрпақтары 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні  аудандық кітапханаға келіп оқырмандармен кездесу өткізді.

Кітапхана стратегиясы мен тактикасын дамытудың басты құралы жаңа  ақпараттық  технологиялар болып табылады. Аудан және ауыл кітапханашыларына жаңа технологияны меңгерту барысында «Кітапхана жаңалықтары» слайд-дәріс; кітапханашыларға жаңаша озық технологиямен жұмыс істеуді ұйымдастыруда кеңес, «Виртуалды кітап көрмесі» флеш-семинары, «Кітапханалық жұмысты жаңа технологиямен сабақтастыру»,«Кітапхана сайтын жаңғырту», «Заманауи кітапханалардың жаңаша даму векторлары», «Электрондық ресурстар арқылы кітапханалық қызмет көрсету», «Кітапхана ісінде жаңа технологияларды қолдану», «Электронды үкімет» құқықтық ақпарат орталығы, «Ауылдағы инновациялық бағдарламалар»  тақырыптарында семинарлар өткізілді. «Rabis. Power Point. Publisher. Finreader. 3D кітап жасау, QR-Reader бағдарламаларын үйрену бойынша тәжірибелік-тренингтік сабақтар жүргізілді. Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда кітапханамызда жерлес ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан 117 кітап сандық құжатқа түсіріліп, әлемдік жүйеде ОКЖ http://zhanlib.kz сайтына кіргізілді, барлығы 35777 библиографиялық жазба толық базалық деректері түсірілді.

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ОКЖ-нің 10 кітапханасының арасында «Идеялар жәрмеңкесі» байқауы өткізілді. «Кітапхана түні» акциясы 2 мәрте өткізілді.Алғашқысында оқырмандарға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедияшыл ғалымы әрі көрнекті публицист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жылдығына, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында (яғни, жыл кітабы болып таңдалған Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы бойынша), ҚР-ның ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіровтың 70 жасқа толу және Талғат Мұсабаевтың 65 жасқа толу мерейтойларына арналған түрлі іс-шаралар ұсынылды. Ал екінші акцияда «Жасай бер, жаса Тәуелсіз елім!» тақырыбында аудан мекеме жастарының, мектептердің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен шоу түрінде өткізілді. Осы жылы «Көк сандық» жобасы бойынша аудандық балалар және ауыл кітапханаларында «Көк сандықтың саяхаты» атты акциясы өтті.

2016 жылы аудандық жасөспірімдер кітапханасы және Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасы жаңа ғимаратқа көшірілді.

2017жылы Мемлекеттік бағдарламалар: «Қазақстан – 2050», «Мәңгілік ел» идеясы, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына, «EXPO-2017» халықаралық көрмесі, ұлттық мақтанышымыз – Мемлекеттік Рәміздердің 20 жылдығына, жерлестеріміз жазушы, әдебиет зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жылдығына, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Серік Қирабаевтың туғанына 90 жыл, жазушы Асан Жұмаділдиннің туғанына 90 жылдығына, балалар жазушысы Жақан Смақовтың туғанына 80 жылдығына арналған бірнеше ауқымды іс шаралар кітап көрмелері, шолулар,әдеби кештер  ұйымдастырылып өткізілді.

Осы жылы жерлес өлкетанушы, аудармашы Ібірахым Ісләмовтың 70 жасқа толу мерейтойы  «Туған жерге саяхат» атты оқырмандармен кездесу кеші өткізіліп, кең көлемде аталып өтті.

ОКЖ бойынша 20 кітапхана аудан және ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуде. Кітапханада 74 қызметкер жұмыс істейді. ОКЖ бойынша 9 үлгілі кітапхана бар. Аудан басында орналасқан С.Сейфуллин атындағы кітапханасы, жасөспірімдер кітапханасы,  Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасы және 17 ауылдық кітапхана: Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасы, Ақтүбек а/о үлгілі кітапханасы, Байдалы би а/о үлгілі, С.Сейфуллин а/о үлгілі кітапханасы, Бидайық а/о үлгілі кітапханасы, Целинный а/о үлгілі кітапханасы, Қараағаш а/о үлгілі кітапханасы, Ақтау а/о кітапханасы, Айнабұлақ а/о кітапханасы, Ералиев а/о кітапханасы, кітапханасы, Түгіскен а/о кітапханасы,Талдыбұлақ а/о кітапханасы, М.Жұмажанов а/о кітапханасы, Байғұл ауылдық кітапханасы, Мыңадыр ауылдық кітапханасы, Ақтайлақ ауылдық кітапханасы, Орман шаруашылығы елді-мекенінің кітапханасы қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар аудандық кітапхананың кітапханаларды дамыту және әдістемелік бөлімі, ақпараттық-библиографиялық бөлімі, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі электронды қызмет көрсету бөлімі, бірыңғай кітап қоры кабинеті,  стационардан тыс қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жалпы оқырман сұранымына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде кітапхананың алар орны ерекше. ОКЖ-нің кітап қоры жүйелі түрде жаңа әдебиеттермен: кітаптар, журналдар, ақпараттық басылымдармен толықтырылып отырады. Қазір жүйе бойынша 20 кітапхананың кітап қоры 226 мыңнан асып, (оның ішінде қазақ тілінде 153704) оны 17 000-нан астам оқырман пайдаланады. Жыл сайын 345мыңға жуық кітап өз оқырманын тауып, кітапханаға келушілер саны 139 мың оқырманды құрап отыр. Жылына кітапхана 775 тарта мерзімді басылымдарды жаздырып алады.

ОКЖ бойынша барлық кітапхана компьютермен қамтамасыз етілген және РАБИС бағдарламасымен жұмыс жасайды. 10 кітапхана Интернет желісіне қосылған. 19 кітапхана телефон байланысымен қамтамасыз етілген.

2018 жылы Жаңаарқа ауданының ОКЖ-нің бөлім меңгерушілері Н.Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Орталық аудандық кітапхана – аудандағы кітапхана жүйесінің жетекшісі» атты облыстық жобалар байқауына қатысып, аудандық орталық кітапханасы дипломмен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Гүлжан Сайлаубайқызы «Жаңа үлгілерді іздестіру мен іске асыру тәжірибесі» тақырыбында жазған жобасы Қарағанды облыстық архивтер және құжаттама басқармасының дипломымен және бөлім меңгерушілері алғыс хатпен марапатталды.

Аудандық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Өлкенің шығармашылық әлеуеті» жұмыстары жүргізілмек. Жоба мақсаты: оқырмандарды жас ұрпақты туған халқының тілі мен әдебиетіне деген танымдық қызығушылығын арттыру, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған тұлғалар туралы білімдерін кеңейту, өскен өңіріне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

2018 жылдан бастап «Шапағат» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Шапағат»  жобасы – әлеуметтік қорғаусыз қалған мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет етуге бағытталған. Жоба мақсаты: Әлеуметтік қорғаусыз қалған мүмкіндігі шектеулі  балаларға қоғамда бейімделуіне кітап оқуға тарту арқылы көмектесу.

2019жылы келесі жобалар жүзеге асырылмақ:  

  • «Кітапханашылардың кәсіби білімін жетілдіру» жобасы, жобаның мақсаты: Кітапханашыларға жаңаша жұмыс түрлерін және әдістерін оқыту-үйрету арқылы әлеуметтік ортада болып жатқан өзгерістерге бейімдеу.
  • 2019 жыл Жастар жылы болып жариялануына байланысты «Зерделі жастар» бұл жоба жастар арасында кітаптарды насихаттау және жастар қауымын кітап оқуға шақыруды, аудан және ауыл жастарының мәдени ақпараттық қажеттілігін қолдай отырып, көлемді әрі мәнді ақпараттарға қол жеткізулеріне жағдай жасауды көздейді. Жобаның мақсаты: Оқырмандарды белсенді болуға шақыру, кітапқұмарлар санын арттыру.

Қазіргі кезде ОКЖ бойынша қызығушылық клубтары мен үйірмелер жұмысы жандандырылған. Атап айтқанда аудандық кітапханада жас кітапханашылардан құралған «Даму» клубы, «Арай»  ашық сырласу клубы, жасөспірімдер кітапханасында «Маржан» жастар клубы, Б.Өтешов атындағы кітапханада «Отбасымен оқимыз», «Шебер қолдар», «Атамекен», ауылдық кітапханаларда: Ақтүбек ауылында «Салт-дәстүрлер» клубы, «Жас толқын жырлайды» қызығушылық клубы (балаларға арналған), Бидайық ауылында «Денсаулығымыз – байлығымыз», Ш.Ералиев ауылында «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Жас отау» қызығушылық клубтары, С.Сейфуллин ауылында «Бір кесе шәй үстінде» отбасылық клубы, Байдалы би ауылында «Шеберлік» қолданбалы қолөнер үйірмесі жұмыс істейді. Клубтар, үйірмелер ұйымдастыру арқылы оқырмандарымыздың білімін ой-өрісін байытуға, рухани көтеріп, қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен қауыштырып оларды тәрбиелеуде елеулі жұмыстар жүргізілуде.

Кітапханашылардың жетістіктері:

2003 жылы облыс көлемінде ұйымдастырылған «Ауыл энциклопедиясы» байқауына С.Сейфуллин, Бидайық, Ақтау, Орынбай ауылдық кітапханалары қатысып жүлделі орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2008 жылы аудандық кітапхана «Кітап, мәдениет, төзімділік» атты жоба аясында «Асыл қазына – алтын ұрпаққа» жобасы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2008жылы Байдалы би ауылының кітапханашысы Амансарина Бақытжамал Әбдіразаққызы «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімінің дипломымен марапатталды.

2012 жылы ОКЖ әдістемелік бөлім меңгерушісі Қызылбаева Зәуре Төлеубекқызы «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясы бойынша Қарағанды облысының мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.

2012 жылы кітапханашы жас мамандардан құралған «Даму» клубы құрылды.

2015 жылы Ш.Ералиев ауылының кітапханашысы Төлеуова Қарлығаш Дәріғұлқызы  «Жылдың үздік кітапханашысы» атағына ие болып, Қарағанды облысы әкімінің дипломымен марапатталды.

2016 жылы ОКЖ директоры Исаберлина Ғалия Мәжікенқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2017 жылы аудандық кітапхананың бас есепшісі М.У.Сейдуалина ҚР Президент күніне орай ауыл-шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының III дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды.

2018жылы Астана қаласының 20 жылдығы аясында ең үздік виртуалды көрме «Менің өлкем – менің мақтанышым» номинациясы бойынша жас маман библиографиялық бөлімнің кітапханашысы Г.Бергенова марапатталды.

2018жылы ақпараттық-библиографиялық бөлім меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Картайқызы Жаңа Қазақстанды қоғам құру  ісіндегі облыстық қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2018 жылы Қарағанды жастарының арасындағы облыстық ХIІ Абай оқулары «Абай тағылымы – халық даналығы» атты сайысына 16 оқырман қатысты: бас жүлде: Қайруллина Динара, 2 орынды: Төлеуғали Әлия иеленді. 8 қатысушы Алғыс хатпен марапатталды.

Кітапхана тарихы мен жетістіктері – ол тек қана мерзімдер мен көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге кітапханада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен адамдар. Олар кітапхананы басқарған Р.А.Қалимолдаева, К.Қ.Уатаева, Г.Б.Жарылғапова, Ғ.Исаберлина және кітапхана қызметкерлері Т.Ысқақова, Ұ.Алшынбекова, Ж.Айнабекова, Б.Шарипова, Л,Әбсаматова, К.Бейбітова, Б.Мақажанова, Ж.Кәрібаева, А.Жандаулетова, З.Т.Қызылбаева, С.С.Шайхина, М.А.Ахметова, С.Акимова, К.Құмарханова, Г.С.Сиязова, Л.Қ.Райымбаева, Г.Н.Оспанова, Р.Т.Сағынтаевалар, сонымен қатар, кітапхана саласында үздіксіз ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан Ш.А.Иманбаева, Қ.Д.Төлеуова, Б.Ә.Бұлқайырова, А.К.Оралбаева, Ж.Б.Нығманова, Г.С.Ахмедина, Ж.Смайылова, Р.О.Серікбаева, З.Т.Сағынтаева, С.Т.Нығманова.

Кітапхананың жетістіктері бүкіл ұжымның жемісті еңбегісіз мүмкін болмас еді. Аудандық орталықтандырылған кітапханада осы ұжымның жұмысын жүргізуге атсалысып отырған жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Исаберлина Ғалия Мәжікенқызы, Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі Жақыпова Гүлмайра Ағылақызы, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі  Оралбаева Ақбөпе Картайқызы, кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімінің меңгерушісі Смаилова Жұмабике Сьезқызы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Гүлжан Сайлаубайқызы, кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі  Смайылова Жұмабике Съезқызы, электронды қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Аманбаева Гүлжан Байзаққызы.

Кітапхана саласының жаңа бағытта дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жас мамандар: Р.С.Кожамберлина, А.Жаншораева, Г.Б.Аманбаева, Г.Жакупова, С.Бақышева, Г.Бергенова, Қ.Әлиева, Ш.Оспанова, И.Әлмағанбетова, Г.Көпбаева, Н.Ибраева, Н.Естаева, Г.Жұмасейітова, Ж.Әділова, Б.Сәтбаева, Г.Дүйсенбекова, А.Агимова, Н.Садуов т.б.

Ауыл кітапханашыларының арасында да осы салаға еңбегі сіңген кітапханашылар да  жетерлік. Атап айтқанда: Ш.Ералиев ауылының кітапханашысы Қ.Төлеуова, Қараағаш ауылдық кітапханашылары Б.Бұлқайырова мен Ж.Есқараева, Орынбай ауылдық кітапханашысы А.Дүйсенбекова, Байдалы би ауылының кітапханашылары С.Кеншімова,  А.Ботбаева, А.Амансарина, Қызылжар кентінің кітапханашысы Ж.Әбдіқалықова, С.Сейфуллин ауылының кітапханашылары Г.Ақатова мен М.Ысқақовалар, Бидайық ауылдық кітапханашылары Н.Ақшолақова мен А.Самаева, Талдыбұлақ ауылының кітапханашысы А.Асанбаева.

Ғасырлардан-ғасырларға, ұрпақтан-ұрпаққа кітаптарды жеткізуші кітапханашылар еңбегі туған еліміздің игілігі жолындағы қызметімізде шығармашылық табыстарға жете берсін! 75 жылдық тарихы бар кітапханамыз оқырманға толы болсын! Елімізде бейбітшілік болып, рухани байлығымыз арта берсін!

 

Төребаева Г.Қ.

Жаңаарқа ауданының

ОКЖ-нің кітапханаларды дамыту және

 әдістемелік бөлім меңгерушісі