“Сейдіғали Пазыловтың туғанына 80 жыл”

26.12.2018

15 қараша 2018 жылы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде Жаңаарқа өлкесінің тумасы, ақын, қаламгер Сейдіғали Пазыловтың туғанына 80 жыл толуына орай библиографиялық шолу жасалды.
Мақсаты: Оқушыларға ақынның өмір жолдары, шығармалары, мақалаларынан терең мағына беру.
Кітапханашы Сәтбаева Ботагөз С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебі жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне ақын Сейдіғали Пазыловтың өмірдерегі мен шығармашылығы жайында тоқталып, өлеңдерінен үзінді оқыды.