2018 жылы 16 қараша күні Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде кітапханашы Адилова Жанагүл «Ұлттық валютамыздың құндылығы» атты презентация өткізіп, ақшаның шығу тарихымен таныстырды. Кітапханашы Дюсенбекова Гүлімай «Ұлттық валюта – тәуелсіздік құралы» атты айстоппер көрмесінде А.Қомбарова «Бюджет бойынша тәжірибелік жинақ», С.Қуашбаев «Қаржы», Э.Холл «Ақша жайында әңгімелейік», С.Мақыш «Ақша, несие, банктер теориясы» және т.б. кітаптарымен таныстырды. Оқырмандарға «Ұлттық валюта – тәуелсіздік құралы» атты буклет таратылды.
Мақсаты: Оқырмандарымызға теңгемізді тереңірек түсіндіре отырып, ақшаның құндылығын ұғындыру.