«Өнерімен өнегелі»

26.12.2018

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы», белгілі әнші, сазгер, гитарашы Қорабай Есенов 70 жасқа толуына орай 27 қазан 2018 жылы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Г. мәдени-сауық орталығында «Өнерімен өнегелі» атты құрмет көрмесін ұйымдастырып, келген қонақтарға Қорекеңнің өмір жолына, осы уақыт аралығында ән әлемінде жеткен жетістіктеріне шолу жасады.
Мақсаты: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында Республикаға есімі мәлім өнер иесінің ән әлеміне қосқан үлесін, өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау.o