«Ауғаныстан – жүректегі жара» атты кездесу кеші өткізілді

13.03.2019

2019 жылдың 14 ақпан күні Жаңаарқа аданының орталықтандырылған кітапханада Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты «Ауғаныстан – жүректегі жара» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Құрметті қонақтарымыз: Бекетаев Әбу Шахма Мәметұлы және Орынбасаров Сәкен Мүңкебайұлы шақырылды. Шара барысында потреттық әндер шырқалып, «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кітап көрмесімен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сағынтаева Зайра Тоғанбайқызы таныстырып, «Ауғанның – от жалыны» атты презентация көрсетілді. Сатбаева Аягөз және анасы Сатбаева Ботагөз «Жауынгердің хаты» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ауған ардагерлеріне арналған шағын көрініс қойылды.