«Елбасы Жолдауы – ел қамы»

13.03.2019

14 желтоқсан 2018 жылы ҚР Президентінің 5 қазан 2018 жылы жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы бойынша Оразалы Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінде «Елбасы Жолдауы – ел қамы» атты ақпараттық сағатты қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Г. өткізді.
Ақпараттық сағат барысында оқушылар Елбасы жолдауының мазмұнымен қысқаша танысып өтті. Іс-шара соңында сынып жетекшісі Бабатаева Г. жолдау туралы өзіндік пікірін білдіріп, жас маман ретінде жолдауда көрсетілген өзекті мәселелерді іске асыруды қолдайтынын айтып өтті.