«Жастар жылы – жаңғыру жолы»

13.03.2019

30 қаңтар 2019 жылы Жаңаарқа ауданының мәдениет үйінде «Жастар жылы – жаңғыру жолы» атты салтанатты шара өтті. Шараға аудан әкімі Бекқожин Юржан Асанұлы, аудан басшылары мен Жаңаарқаның белсенді жастары қатысты. Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастырған «2019 жыл – жалынды жастар жылы» атты кітап көрмесімен кітапханашы Сәтбаева Ботагөз таныстырды. Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты.