«ЖИТС – ғасыр індеті»

13.03.2019

6 желтоқсан күні Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Сәтбаева Ботагөз 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС – пен күрес күніне орай «ЖИТС – ғасыр індеті» атты акция өткізді. Акцияның өткізілуінің маңыздылығы туралы, ЖИТС–ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар мен акцияларды өткізу – азаматтарды, бірінші кезекте жастарды өз денсаулығы үшін қамқорлық пен ынтымақтастық жауапкершілікке бағыттаудың, АИТВ – вирусын жұқтырмаудың алдын алу жолдарын білуді жоғарылатудың тағы да бір мүмкіндігі болып есептелетінін түсіндірілді.
Акцияға жастар, оның ішінде С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ жанындағы интернат тәрбиеленушілері мен О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ – тің 7 Б сынып оқушылары да ат салысты. Акция барысында әр мекемеге үнпарақтар таратылды.