26 желтоқсан күні аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде жазушы, драматург, қоғам қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова 75 жасқа толуына орай іс-шара өткізілді. Іс-шара басында Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанованың өмір жолы мен шығармашылығы жайында әңгіме айтылып әрі қарай деректі фильммен жалғасын тапты.