Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Ю.А. Гагарин атындағы ЖОББМ оқырмандарына шығармашылықтары насихатталды

13.03.2019

12 ақпан 2019 жылы Ю.А. Гагарин атындағы ЖОББМ қазақтың аса дарынды ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Дюсенбекова Гүлімай халықты поэзия үнімен сусындатқан Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан топтастырылған энциклопедия кітабі және «Жүрек арызы», «Аманат», «Өмір – өзен» «Шығармалар» жинағына шолу жасап, ақын жырларын сүйсіне оқитын оқушыларға ақынның «Қуанайын» өлеңінен үзінді оқып берді.
Мақсаты: Қазақтың ақиық ақынының бірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылықтарын оқырмандарға насихаттап, өлең сөздің мағынасын ашу мақсатында құштарлығын арттыру.