«Орталық аудандық кітапхана – аудандағы кітапханалар жүйесінің жетекшісі» атты байқау өткізілді

13.03.2019

Гоголь атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық кітапханалардың арасында «Орталық аудандық кітапхана – аудандағы кітапханалар жүйесінің жетекшісі» атты байқау өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша біздің аудандық кітапханамызға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
атынан диплом беріліп, директор Ускенбаева Шынар Түлкібайқызына табысталды. «Кітапханалық шаралар: жаңа үлгілерді іздестіру мен іске асыру тәжірибесі» тақырыбы бойынша ең үздік жоба үшін қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Гүлжахан Сайлаубайқызы дипломмен марапатталды. Осы байқауға белсенділік танытып, жобаға қатысқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
Ең үздік жоба иегерлері мен кітапхана ұжымына дипломмен қоса сыйлықтар табыс етілді.
Аудандық кітапханалар арасында байқау ұйымдастырып жоғары деңгейде өткізгені үшін Гоголь кітапханасының басшысы мен ұжымына алғыс білдіреміз! Еңбектеріңізге жеміс, толағай табыстар тілейміз!