«Парасат пен білім ордасына – 75 жыл»

13.03.2019

2018 жылдың 20-шы желтоқсанында “Кітапxана-құт мекен” атты кітапxанамыздың 75 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өтті. Кеш кітапxана тариxының презентациясымен басталды. Жиналған қонақтар мен оқырмандарға кітапxана- оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір, ал кітап пен кітапxананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы- кітапxанашылар екені айтылды. Кеште “Алтын арай” бишілер тобы, поэзияға жаны құмар оқырмандар: Аманова Инабат, Құрақбай Мирас, Сембек Ақниет, Шайxауова Ақнұр, Ғабдулла Мұxамедғалы, Қуантай Мұxамеджан, әсем әндерімен кештің сәнін келтірген Ерсайын Айзара, Сейілов Айқын өз өнерлерін паш етті. Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұқажанов М.Ф, Директор Ускенбаева Ш.Т, ардагер кітапxанашы Иманбаева Ш.А. cөз сөйлеп, “Жыл оқырманы”, “Үздік оқырман”, “Алтын формуляр” иегерлерін марапаттады. Келген қонақтар интеллектуалды ойындар ойнап, караокемен ән салып, шебер класстарға қатысып, библиофреш асxанасынан дәм татып, арнайы безендіріліп құрылған көрмелермен танысып уақыттарын көңілді өткізді. Кеш келген белсенді оқырмандар мен қатысушыларға Алғыс xат пен бағалы сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.