“Сәкен Жүнісовтың туғанына 85 жыл”

13.03.2019

2019 жылы 12 ақпан көрнекті қаламгер, жазушы, драматург Сәкен Жүнісовтың туғанына 85 жыл толуына орай О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ 5 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сағынтаева Зайра Сәкен Жүнісовтың кітаптарына шолу жасады. Сәкен Жүнісов туралы өмірбаяны, еңбектері мен шығармалары, марапаттары мен фотосуреттерін көрсте отырып, балаларға арналған «Сонарда» деп аталатын алғашқы кітапшасы, «Әжем мен емші және дәрігер», «Кімнің мекені жақсы?», «Жаһандағы жалғыз үй » роман кітабын таныстырды.