«Сәкен мұрасы – асыл қазына»

13.03.2019

2019 жылы қаңтар айында ірі қоғам қайраткері, жалынды жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай, аудандық кітапханаға Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің мұғалімі Гүлжахан Игенқызы 7-сынып оқушыларымен экскурсияға келді. Экскурсия барысында қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Г. Сәкен Сейфуллинге арналған «Сәкен мұрасы – асыл қазына» атты құрмет көрмесімен, Сәкен бұрышымен таныстырып, кітаптарына шолу жасады.