«Тұлғалары тұнған тәлім, есімдері елге мәлім»

13.03.2019

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Биыл 2019 жылы жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы және ақын Әбділдә Тәжібаевтың поэзиялары оқылуға ұсынылып отыр.
Біздің кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған «Тұлғалары тұнған тәлім, есімдері елге мәлім» атты құрмет көрмесі ұйымдастырылды.
Баршаңызды аталған тұлғалардың кітаптарын оқуға шақырамыз!!!