“Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай ЖИГК студенттеріне әңгіме өткізілді”

13.03.2019

22 қараша 2018 жылы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде қазақтың халық жазушысы, қаламгер Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай Жезқазған индустралдық – гуманитарлық колледжінің студенттеріне әңгіме өткізілді. Кітапханашы Сәтбаева Ботагөз жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың өмірбаяны мен өнер болмысының күрделі иірімін, қилы тағдырға толы өнер адамдарының қилы шығармашылық тұлғасын шынайы суреттеген «Ақ боз ат» (1962ж), «Сейтек сарыны» (1966ж), «Кертолғау» (1973ж), «Тұлпардың тағдыры» (1975ж) сынды прозалық, «Бозжорға» (1969ж) т.б. поэзиялық жинақтарын, т.б. шығармаларын әңгімелеп берді.