«Экология – адамның тіршілік ортасы»

13.03.2019

2019 жылдың 13 ақпан күні «Экология – адамның тіршілік ортасы» атты әңгіме және кітаптарымен «Балдырған» балабақшасында Стационардан тыс қызмет көрсету жұмысы бойынша таныстырылды. Кітаптарды таныстыру және әңгіменің мақсаты – кейінгі ұрпақтарымызға қоршаған ортамыз туралы түсінік беру болатын. Сол мақсатта Қапалбек Б «Экологиялық әліппе», Королево Т «Природа» атты энциклопедия, Бұқабаева Б «Таулар мен жануарлар» атты кітаптары және қоршаған ортаға байланысты фото суреттер көрсетіліп, таныстырылды. Таныстырған қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұмасейтова Г.