«Ғасырлар тоғысында»

13.03.2019

28-29 қараша 2018 жылы С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ жанындағы интернат тәрбиеленушілері мен О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ-тің 7 Б сынып оқушыларына «Ғасырлар тоғысында» тақырыбында сирек кездесетін кітаптарға шолу жасалып, таныстырылды.
Мақсаты: Қазақстанда және шетелдерде сақталған ел тарихына, мәдениетіне, ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды жинақтау, сақтау, танымал ету, әртүрлі мәдени –тарихи жағдайлардағы кітаптың әлеуметтік рөлін жан –жақты көрсету.
Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сәтбаева Ботагөз кітапханада жинақталған көне қолжазбалардан, аз таралыммен шыққан сирек кітаптардан, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің алғашқы басылымдарынан, ерекше әсем көркемделіп безендірілген сәби кітаптармен таныстырып, оқырмандарға үнпарақтар таратты.