“Ұстаз-ғалым Берік Серікбайұлы Рахымовтың өнегелі өмірі”

13.03.2019

Ұстаз – ғалым Берік Серікбайұлы Рахымовтың өнегелі өмірі
Жаңаарқа ауданынан түлеп ұшқан, ұлы мәртебелі әдебиет пен соқтықпалы – соқталы ғылым саласында танымал тұлғалар қатарында белгілі ғалым Б.С.Рахымовтың орны ерекше. Бүгінде өзі білім алған академик Е.А.Букетов атындағы КАРМУ филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры болып еселі еңбегімен елге танылған профессор Б.С. Рахымовтың ғылыми еңбектері 200-ден астам. Жерлес жазушы, ғалым ағамыздың ғылымға қосқан казақ фольклортану ғылымын өте жоғары биікке көтерер үлкен белес деуімізге болады. Өте білімді, білікті педагог, өз ісінің маманы екені айқын.
2018 жыл – ұлт тарихында жетістіктерге толы жарқын жыл болды.Осы мерейлі жылда ғалым ағамызда мерейлі жас – Алпыстың асуына шықты. Алған асулы биік белестеріне Ғалым ағамыз жетістіктермен жете беруіне тілектеспіз. Б.С.Рахымов Жаңаарқа аудандық орталықтандырылған кітапханаға өзінің ғылыми еңбектерімен қоса 51 кітап сыйға тартты. Осындай құнды жазбалар, сирек кездесетін кітаптары үшін алғысымыз шексіз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз дейміз. Ақ тілекпен ұжым атынан толағай табыстар тілейміз.