“1 наурыз – Алғыс айту күні”

13.03.2019

2019 жылдың 1 наурыз күні Мәдени-сауық орталығында 1 – наурыз Алғыс айту күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараға Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Алғыс айту күніне орай кітап көрме ұйымдастырды. Іс – шара барысында аудан әкімі Юржан Асанұлына және келген қонақтарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұмасейтова Г.Ж кітап көрмесімен таныстырды. 1 наурыз – қиын-қыстау заманынында жер аударып келген өзге ұлт өкілдерінің ерекше қонақжайлық танытқан қазақ халқына алғысын білдіретін күн.