“8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні”

13.03.2019

7 наурыз күні Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты музыкалық кеш ұйымдастырды. Кешімізді құттықтау сөзімен ауданымыздың Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұқажанов Медет Файзрахманұлы бастады. Осы аталмыш мерекеге орай Мәдениет үйінің әншісі Қамиев Қасиет қасиетті қара домбырасымен әсем ән шырқап, С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің оқушылары мен С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері аяулы аналар мен аруларға арнап әсем әндері мен билерін орындап, ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады. Кеш барысында осы мерекенің тарихына бастау алып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы әдебиеттерден «Ана – өмір шуағы» атты айстоппер көрмесі ұйымдастырылды. Кешіміздің жалғасы «Соқыр ана» жыр монологы мен дайындалған әзілді пародияға берілді