«Наурызым мерекем – наурызым берекем» атты мерекелік кеш өткізілді

02.04.2019

20 наурыз күні оқу залында 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күніне» орай «Наурызым мерекем – наурызым берекем» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік іс – шарамыз сайыс түрінде өткізілді. Мерекелік кешке мәдениет және тілдер бөлімінің бас маманы Қанапин Марғұлан Бауыржанұлы және аудандық мұрағаттың мұрағатшысы Жакупова Гүлім Өміртайқызы қатысты. 5 кезеңнен тұратын сайысымызға кітапханашылармыздан құралған 2 топ қатысып, қазақтың ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, салт – дәстүрлерін көрсетті. Әр топқа әділқазылар алқасы әділ бағаларын беріп, артынан марапаттары мен сый – сияпаттарын табыстады. Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Мақсатымыз қазақтың ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа насихаттау.