«Наурыз – құт береке»

02.04.2019

2019 жыл 20 наурыз күні стационардан тыс қызмет көрсету жұмысы бойынша «Ақерке» бөбекжайында «Наурыз – құт береке» атты фотокөрме өткізілді. Кітапхана қызметкері кіріспе сөзінде шығыс халықтары үшін Наурыз мерекесі – өзіне ғана тән, қайталанбас сипаттарымен ерекшеленетінін, Наурызды мерекелеу дәстүрі – қайырымдылық, ізгілік, мейірімділік, көрегендік сынды үздік адами қасиеттерге бағытталғанын әңгімелеп беріп, қазақтың әдеп – ғұрып, салт – дәстүрі, қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері мен қазақтың ұлттық ойындары туралы фото суреттері көрсетілді.