«Отбасы жарастығы» атты тәрбие сағаты өткізілді

02.04.2019

2019 жылдың 15 наурыз күні оқу залында «Арай» ашық сырласу клубы бойынша «Отбасы жарастығы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс – шараға келеген қонақтар: «Арай» клубының мүшесі, Жаңаарқа аудандық мұрағаттың мұрағатшысы Жакупова Гүлім Өміртайқызы, Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың ақпараттық – библиография бөлімінің меңгерушісі, «Арай» клубының мүшесі және С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің 9 – сынып оқушылары. Іс – шарада отбасы туралы және 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай қазақтың салт – дәстүрлеріміз туралы ой қозғалды. Халқымыздың салт – дәстүрінің бірі баланы қырқынан шығару. Баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы «Арай» клубының мүшесі, Жаңаарқа аудандық мұрағаттың мұрағатшысы Жакупова Гүлім Өміртайқызы айтып, көрсетіп берді. Ата – ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс – тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір – бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Осыған орай қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «Отбасы тәрбиесі» атты шағын көрініс қойды. Оқушылар отбасы және қазақтың салт – дәстүрлері туралы біраз мағұлматтар алып, тарқасты. Мақтан етер ұрпағымыз, қазыналы қарттарымыз көп болғай!