«Кітапхана түні-2019»

17.06.2019

Кітапхана тек мүлгіген тыныштық мекені емес. Бұған 24.04.2019 орталық кітапхана ұйымдастырған «Кітапхана түніне» қатысқандардың көзі жетті. Кешкі сағат алты. Әдетте кітапхана жұмысы аяқталатын уақыт. Бұл жылы да келушілер санында есеп жоқ. «Махаббат бекеті», «Күлкі витамині», «Майдан алаңы», «Балалық шаққа саяхат» атты 4 алаңнан құралған кино әлеміндегі кейіпкерлер қызыл кілем үстімен шығып құпия-қызық пен тылсымға толы кино алаңдарына жетелеп әкетті. Кітапхананың орталық алаңында оқырмандар үшін «Кино кафе», «Шебер қолдар» мастер классы және кино әлемінің дәстүрі бойынша «Кино тарелка» сындыру дәстүрі ұйымдастырылды. Аудандық маслихат депутаты Жаңаарқа несие ЖШС басқармасының төрағасы С. Рымбековтың демеушілігімен С.Сейфуллин атындағы аудандық орталық кітапханасы «Қазақ кинематография әлемі» атты кітапхана түні акциясын өткізіп, өз оқырмандарына қуаныш, керемет көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында кітапхана директоры Ш.Т. Ускенбаева әр алаңның белсенді қатысушыларына «Үздік топ», «Үздік ойыншы», «Үздік киноафиша» секілді арнайы әзірленген номинациялар бойынша марапаттар мен түрлі сыйлықтар табыстады.