«Оқуды қолдаудағы тиімді коммуникациялар» атты облыстық көшпелі семинар өткізілді

17.06.2019

2019 жылы мамыр айында Абай атындағы ОБК-сының ұйымдастыруымен «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ С.Сейфуллин атындағы үлгілі орталық кітапханасының оқу залында «Оқуды қолдаудағы тиімді коммуникациялар» атты облыстық көшпелі семинар өткізілді. Облыстық көшпелі семинарға барлығы 60-қа жуық Қарағанды облысының балалармен жұмыс жүргізетін кітапханалары, яғни ОКЖ директоры, меңгерушілер, кітапханашылар т.б. қатысты. Семинар модераторы Абай атындағы ОБК-нің директоры Б.Қ.Уатаева мен Жаңаарқа ауданының ОКЖ директоры Ш.Т.Ускенбаева болды.
Семинар бағдарламасы санқырлы және танымды болды. Кітапхана мамандарына 7 баяндама оқылып, «Сиқырлы қар» мастер-классы мен «Киізүй» этноқұрастыру бойынша тренинг өткізілді.
Жаңаарқа ауданының өлке жазушысы Ұзақбай Мұқышұлының 80 жасқа толу мерейтойына орай «Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығамашылығына тұсаукесер өткізілді. Жазушы денсаулығына байланысты шараға қатыса алмағандықтан өзі жайлы, шығармашылығы жайлы видеоүндеу жолдады. Сондай-ақ жазушының қызы Баян Ұзақбайқызы Мұқышева арнайы шақырылды. Ол өз әкесінің «Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа» кітабын таныстырып, кітапқа енген өлкеміздің танымал азаматтары жайлы айтып берді. Жаңаарқа ауданының ОКЖ кітапханашылары атынан оқалы шапан мен гүл шоқтары сыйға берілді. Баян Ұзақбайқызы өз тарапынан әкесінің екі кітабын Абай атындағы ОБК-не сыйға тартты.
Аудандық Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының меңгерушісі Г.А.Жакупова семинарға қатысушыларға балалар кітапханасының инновациялық қызметі туралы баяндап, презентация жасады.
Қарағанды қаласы №5 филиал балалар кітапханасының кітапханашысы А.Е.Балдаева интернет-технологиясы, электронды кітап көрмесі, сауалнамасы арқылы кітап пен оқуды насихаттау туралы баяндамасын таныстырды. Қарақаралы ОКЖ аудандық үлгілі балалар жұмысы жайлы, «Коворкинг орталығы» жайлы Қарқаралы ОКЖ АОБК-ның меңгерушісі А.Ш.Искакова баяндамасын оқыды.
Казақстан және облыстық балалар кітапханаларының үздік, әрі қызықты жұмыс үлгісімен Абай атындағы ОБК-нің инновациялық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі С.Ж.Жусупова таныстырып өтті.
Семинар қатысушылары семинар барысында үлкен іс-тәжірибелік және кеңес беру бойынша көмек алды. Облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері Жаңаарқа ауданының ОКЖ директоры Ш.Т.Ускенбаеваға өлкетану қорын толықтыру мақсатында өздерінің қала мен ауданына танымал өлкелік ақын-жазушыларының кітаптарын, сыйкәделерін сыйға тартты.
Семинар соңында Абай ОБК-ның директоры Б.К.Уатаева семинарға қатысушы барлық облыстық кітапханаларға ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық тамақтану орталығы» сыйға берген кітаптарын табыстады.
Семинар аясында аудандық Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасына және аудандық С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды.
Семинардан кейін Жаңаарқа ауданының ОКЖ ауылдық филиалдары Ш.Ералиев ауылдық кітапханасының және Ақтүбек, Байдали би үлгілі ауылдық кітапханаларының балалармен жұмысын таныстыру мақсатында іссапар ұйымдастырылды.
Семинар барысында кітапханашылар қала және аудан жағдайындағы балалар оқылымымен және Жаңаарқа ауданының ОКЖ өлкетану жұмысындағы жетістіктерімен танысты. Семинарға қатысушылар бұндай көшпелі семинарды өткізудің маңызын ескере отырып, Жаңаарқа ауданының ОКЖ қызметкерлеріне үлкен алғыстарын білдірді.