«Кітап – өмір ұстазы»

17.06.2019

23 сәуір күні қызмет көрсету бөлімінде Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап – өмір ұстазы» атты сұрақтар мен жауаптар кеші өтті. Кеште кітап туралы айтылған ұлы адамдардың нақыл сөздеріне слайд, кітаптың жасалу технологиясына арналған бейнебаян көрсетілді. Мақал – мәтелдер, жұмбақтар шешу, суретті сканворд құрастыру, лабиринтті сөз табу ойындары ойнатылды. «Кітап – рухани қазына» атты вернисаж көрмесі таныстырылды. Ақпараттық – библиография бөлімінің кітапханашылары Жаңаарқа өңірінен шыққан ақын – жазушылардың өмірбаяны, шығармашылығына презентация көрсетіп, кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Іс-шараға С Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің кітапханашысы, мектеп оқушылары, оқырмандар қатысты.