Апталық аясында «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты кітап көрмесі мен «Мәңгілік ел» экспонат көрмесі ұйымдастырылды

24.06.2019

18 маусым 2019 жыл еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елді басқарудың жоғары лауазымында 30 жыл болуына орай Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде апталық өткізілді. Апталық аясында «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты кітап көрмесі мен «Мәңгілік ел» экспонат көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмеде мемлекет басшысының балалық шағы мен жастық кезеңі, ұлттық лидер, азамат ретіндегі адами жеке қасиеттері, еңбек жолы мен саяси қызметі жөнінде баяндайтын кітаптары, жазушылар мен публицистердің, отандық және шетелдік танымал саясаткерлердің, Елбасы замандастарының еңбектері бар.

«Мәңгілік ел» экспонат көрмесі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына арналды. Ауданымыздың ең көрікті жерінің бірі «Мәңгілік ел» аллеясының макеті қойылды. Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасы «Шебер қолдар» үйірмесінің кішкентай оқырмандарының жасаған қолөнерлері көрсетіліп таныстырылды.

Бұл шара көпшілік оқырмандар үшін ұлт көшбасшысы жайлы мол мағлұмат алып, Президент жұмысымен жақынырақ танысуға таптырмас мүмкіндік болды.