Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың жоғарғы лауазымындағы 30 жылы

24.06.2019

18 маусым күні Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының оқу залында Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ –нің «Арай» жазғы сауықтыру лагерінің балаларына «Елбасы жолдауы – білімге қолдау» атты ақпарат сағаты өткізілді. Бұл ақпараттық сағатының мақсаты Елбасымыздың биылғы халыққа жолдаған жолдауы, өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмететкен жерлері туралы мағлұмат беру, насихаттау. Шараға 45 адам қатысты.

19 маусым күні Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының оқу залында О.Жумабеков атындағы ЖОББМ –нің «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің балаларына «Елін сүйген, елі суйген Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Елбасының сындарлы саясаты «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай келе «Болашақтың кілті өскелең ұрпақ қолында екені, білімді ұрпақ-болашақ кепілі»-деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай тек білім арқылы биік шыңдарға жететіндіктеріне мағлұмат берілді.

20 маусым күні Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасында Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ –нің «Арай» жазғы сауықтыру лагерінің балаларына «Балалық шағымның аспаны» атты фильм көрсетілді.

«Балалық шағымның аспаны» — 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Көп сериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі. 2011 жылы 7 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында болып, фильмнің тұсаукесерін тамашалады.

Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады. Балаларға фильм қатты ұнады, өз араларында ой болісіп ,ұшқыш болуға армандады.