«Бір ел – бір кітап 2019» акциясы

28.06.2019

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір елбір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл қазақтың екі бірдей тіртуар ақындарының шығармалары таңдалып алынды. Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы, Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдер жинағы ұсынылып отыр.

 

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

 

Акцияның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік – рухани дамуына ықпал жасау.

 

Әбіш Кекілбаев қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталған.

Әбіш Кекілбаевтың  «Аңыздың ақыры»  романы – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың кесек туындысы.

Бұл роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланған. Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған.

 

Әбділдә Тәжібаев жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым. Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.

Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасы барша аудан тұрғындарын Әбіш Кекілбаев пен Әбділдә Тәжібаевтың  шығармаларын оқуға шақырады!!!

 

Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры»

Әбділдә Тәжібаев. Лирикалық  өлеңдері