«Арқа төсіндегі ару қала» атты кітап көрмесі

31.07.2019

Астанамыз Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

4-шілде күні Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «6 шілде Нұр-Сұлтан қаласы күніне» орай «Арқа төсіндегі ару қала» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Оқырмандар назарына жаңа астанамыздың өткені, бүгіні мен болашағы, тәуелсіздіктің символы ретінде дамып, өркендеуі туралы әдебиеттер қойылып, насихатталды.

Мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласының тарихымен, зәулім ғимараттарымен, көрікті жерлерін таныстыру және бүлдіршіндердің бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.

Нұр-Сұлтан қаласының тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу, жетілдіру. Отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Сондай-ақ шара барысында балаларға сұрақ-жауап «Кім білгір?» ойыны ойнатылып және әртүрлі қызықты сұрақтар қойылды. Балалар өз білімдерін жақсы көрсете білді. Осындай әсем қаламыз бар екендігін мақтанышпен атап өттік. Шараға Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББМ-нің «Мөлдір бұлақ» ІІ маусым жазғы сауықтыру лагерінің балалары қатысты. Кітап көрмесіне 16 кітап койылып, 4 кітап колға берілді. Барлығы 18 адам қатысты.