” Жүсіпбек Аймауытов – әдебиет сыншысы ” атты әңгіме сағаты

31.07.2019

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Биыл Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл толып отыр. Балалар кітапханасы ақын шығармашылығын дәріптеуде 9 шілде күні  Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББМ-нің «Мөлдір бұлақ», ІІ маусым жазғы  мектебінің сауықтыру лагерінің балаларына, 5-6 сынып оқушыларына ” Жүсіпбек Аймауытов – әдебиет сыншысы ” атты әңгіме сағатын өткізді.

Мақсаты: оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, шығармашылығымен таныстыра отырып, оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. Шара барысында оқырмандарға қазақ жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаяны және шығармалары туралы ақпарат беріліп, өмір жолдары баяндалды. Сонымен қатар кітапхана қорында бар  кітаптары: «Ақбілек» романы, «Күнікейдың жазығы» атты кітаптары бар, шығармалары насихатталып, библиографиялық шолу жасалды. Шараға 9 адам қатысты.