Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты кітабын дауыстап оқу

22.08.2019

Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының абонемент бөлімінде 30-шы шілде күні Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ның жазғы «Арай» демалыс лагерінің балаларының қатысуымен «Менің атым Қожа» атты кітабына дауыстап оқу өткізілді. Шара барысында «Қожа» туралы оқушылардың ойы тыңдалып, сұрақтар қойылды. Сонымен қатар мектеп өмірі, ауыл балаларының балдәурен шағы қызықты да, тартымды суреттелген бұл шығарма балаларға қатты ұнады. Арнайы жасалған Қожа бейнесімен балалар естелік суретке түсті.

«Шығарманы дауыстап оқуда ең басты мақсатымыз жақсылыққа тәрбиелеу. Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспіз!» – деген кітапханашылар, балаларға ізгі тілек айтып, ризашылық білдірді. Шарамыз өте қызықты өтті.