«Жүрегімнің жыры сен- домбыра» атты библио – керуен

22.08.2019

Ұлттық домбыра күніне орай 19 шілде күні «Жүрегімнің жыры сен- домбыра» атты библио – керуен жас ұстаздар арасында өткізілді.  Мақсаты: Ұлттық дәстүр мен салт – сана тағылымын жас жеткіншектердің  бойына дарытып, оның жан дүниесін ояту, өнерге деген ынтасын арттыру, қазақтың қасиетті де, киелі қара  домбырасынын дәріптеу.

Домбыра қарапайым  халықтың қуанышы  мен  қайғысын бір күйдің ішіне сыйдырған, қазақтың қастерлеп үкі тағып, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат аспаптардың бірі. Шараға кітапханашылар «Күмбірле, күй домбыра» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, жас ұстаздар өнерін ортаға салды. Шараға 15 адам қатысты.