«Кітапхананың жазғы алаңы» апталығы

22.08.2019

29-ші шілде күні «Жаздық оқулар» бағдарламасы бойынша балалар кітапханасының оқу залында «Кітапхананың жазғы алаңы» тақырыбында дауыстап оқу ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған шараға № 132 ЖОББ мектебінің «Еркемай» жазғы сауықтыру лагерінің кішкентай оқырмандары қатысты. Іс – шара барысында «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ» және «Жеті лақ» ертегілері дауыстап оқылды. Кітапхана қызметкерлері аталмыш ертегілер кейіпкерлерінің мінез – құлықына, істеріне баға бере отырып, балаларды жақсылық пен қайырымдылыққа шақырды. Сонымен қатар, «Ашық аспан астындағы кітапхана» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балаларды мұқият тыңдауға, мәнерлеп оқуға, әдеби сөз өнерін таңып-білуге үйрету.