«Кітапхана, спорт және кітап» атты кітап көрмесі

22.08.2019

Тамыздың 19-шы жұлдызында «18-ші тамыз Спорт күніне» орай  балалар  кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен  О.Баубеков атындағы демалыс саябағында «Кітапхана, спорт және кітап» атты кітап көрмесі өтті. Бұл іс-шараға Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің  бүлдіршіндері қатысты. Кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, әлемге танымал және  туған өлемізден шыққан атақты спортшылар туралы айтылып,  жан – жақты насихатталды.  Кітап көрмесінде  «Қазақ балуандары IV том. Дзюдо күресі: тарихи-деректі басылым», Ө.Жолымбетовтің «Спорт әлемі», «Әлемдік және ұлттық  спорт ойындары» т.б. сияқты кітаптары балаларға таныстырылып, ішінен қызықты мәліметтер оқылды. Кітап көрмесіне шолу, әрі насихаттау жұмысы танымы мол, әрі қызықты өтті.