«Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі» танымдық кеші

22.08.2019

Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзі. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіміздің берік те, бақытты болуы үшін ең бастысы өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді. Осы отбасылық ұғымды насихаттау мақсатында тамыз айының 12-ші жұлдызы күні балалар кітапханасы Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің жазғы лагер тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Отбасымызбен оқимыз» клубы аясында «Отбасы – тәрбие алтын діңгегі» атты танымдық кешін ұйымдастырды. Іс-шара барысында балаларға «отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның айнасы екендігі, оның аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар кітапхана қорында отбасылық тақырыпта жазылған Айып Нүсіпоқасұлының «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін», Үмбетай Уайдиннің «Әдеп әлемі», Халет Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», Бауыржан Момышұлының «Өсиет сөздер» атты т.б. кітаптары насихатталып, үзінділер келтірілді. Танымдық кеште балалар «отбасы, ата-ана, бала» жайлы ой-толғаныстарын ортаға салды.