«Табиғатты аялау – халық даналығы» атты кітап көрмесі

22.08.2019

Тамыз айының 5-ші жұлдызында балалар кітапханасы жас бүлдіршіндерге “Табиғат пен адам” арасындағы үйлесімділік жайлы түсінік беру мақсатында О.Баубекұлы атындағы жазғы саябақ алаңында «Табиғатты аялау – халық даналығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Шараға Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ның «Күншуақ» жазғы балалар лагерінің тәрбиеленушілері қатысты. Мақсаты: оқушыларға табиғатымызды аялап орман – тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән беруі туралы түсінік беру, табиғат пен адам бір-бірінен ажырамас ұғым екенін ұғындыру.

Шара барысында кітапханашы Әсем Құрақбайқызы балаларға «Таза болса табиғат, аман болар адамзат», – дей келіп, табиғатты қорғау, табиғатты аялау – әр адам­ның міндеті екендігін, сондықтан да үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұтуы қажет екендігін айтып өтті.