«Тарихы терең елордам» тақырыбында кітап көрмесі

22.08.2019

Нұр– Сұлтан – қазақ елінің алтын әріппен жазылған бас қаласы. Сонымен қатар, жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі, сан ғасыр аңсап күткен азаматтығымыздың, тәуелсіздігіміздің биік ордасы іспеттес. Бұл күнде етек жайып, талайларды тамсантып, гүлденіп келе жатқан елордамыз – біздің мақтанышымыз! Осы орайда, Нұр – Сұлтан қаласы күніне орай 5 шілде күні «Тарихы терең елордам» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қаламыздың өткені мен бүгініне шолу жасалды. Шара барысында жастар қауымынан «Елорда – жастар жүрегінде» атты викториналық сұрақтар қойылды. Болашағынан зор үміт күттіретін жастарымыз әрбір сұраққа толыққанды жауап беріп, елімізге, елордамызға деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. Іс – шараның мақсаты да астанамыздың көрікті жерлерін таныстыру және оқырмандар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру болатын. Еңсесі биік елордамыз жылдан – жылға өркен жайып, құлпыра бергей!