«Қызық екен» интеллектуалды ойыны

22.08.2019

31-ші шілде күні балалар кітапханасының оқу залында «Жаздық оқулар» бағдарламасы аясында «Қызық екен» интеллектуалды ойыны Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ның «Күншуақ» ІІІ маусым жазғы лагерінің балаларымен өткізілді. Шара мақсаты ғылымға, білімге құштарлығын ояту, логикалық ойын дамыту, қазақ әдебиеті мен мәдениеті жайлы ой-өрісін кеңейту, жылдам ойлап, әрі тез жауап беруге баулу.

Шара барысында қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдық мерейтойына орай шығармаларынан үзінділер және де әлемдегі түрлі қызықтарға, зерттеулерге негізделген сұрақтар қойылды. Балалар жан-жақты білімдерін ортаға салып, сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Шара соңында сыйлықтар табысталып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.