«Жазғы оқу залы – 2019» атты акция

29.08.2019

7 тамыз күні Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырған О.Баубекұлы атындағы демалыс саябағында ашық аспан астында аудан тұрғындарына арнап «Жазғы оқу залы – 2019» атты акциясы балалар және көпшілік оқырмандармен өткізілді.
«Кітап және оқырман» кітап көрмесіне қызықты деген кітаптар, оның ішінде, ақын А.Әлтайдың «Ақын –жыраулар поэзиясы», Х.Хоссейни «Тысячи сияющих солнц», Джоджо Мойес «Последнее письмо от твоего любимого», «Ночная музыка», О.Рой «Домовой», және т.б. кітаптар мен журналдарды оқырмандар асқан қызығушылықпен оқыды.
Оқырмандар «Сұрақ –жауап», «Кім тапқыр?», «Құрастырғыш», шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, т.б. ойын түрлерін ойнады.
Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары ұйымдастырған кітап көрмелері жанында оқырмандарға әдебиеттерді насихаттау арқылы туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты және кітапхана туралы ақпарат беріп, кітапханаға келіп жаңа кітаптармен танысуға, газет, журналдар оқуға, әр түрлі іс-шараларға қатысуға мол мүмкіндік бар екеніндігін айтып, аудиодискілер мен «Тіл», «Жұлдыз», балаларға арналған «Балдырған», «Айгөлек» атты журналдар оқырмандарға тегін таратылды. «Жазғы оқу залы – 2019» акциясы әр аптаның жұма күндері таңертең сағат 11:00 –ден түскі сағат 15:00 –ге дейін өткізіліп отырады. Келіңіздер! Көріңіздер! Кітап оқуға асығыңыздар!