“Байқау! Байқау! Байқау!”

18.09.2019

Байқау! Байқау! Байқау!

Құрметті оқырмандар! 2019 жылдың 24-25 қазан күндері кітапханамызда  дәстүрлі ІХ Қасым Аманжолов оқулары өтеді. Байқау қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Жырға әуестігі бар 16 мен 32 жас аралығындағы жастар қатыса алады.  Байқау 2 аталымнан тұрады.

1 аталым – «Жас дәурен» – Қасым Аманжоловтың әндерін орындау; байқауға қатысатын  талапкер екі ән орындауы тиіс;

І кезеңде қатысушы Қасым Аманжоловтың әнін міндетті түрде орындайды (Қасым әндерінің тізімі қосымша парақшада).

ІІ кезеңге өткен үміткер өз таңдауы бойынша Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған әнді орындайды (Қасым әндерінің тізімі қосымша парақшада). Осы аталым бойынша өтінімдер 2019 жылдың 30 –шы қыркүйегіне дейін қабылданады.

2 аталым – «Дүниеге келер әлі талай Қасым…» – Қасым Аманжоловқа арнау және еркін тақырыпта барлығы 3 өлең ұсынылады; байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі. Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана республикалық Қасым Аманжолов оқуларының қорытынды кешіне щақырту алып, марапаттау салтанатына қатыса алады. Екінші өтінім 2019 жылдың 24–ші қыркүйегіне дейін қабылданады.

Толық мәліметті білу үшін кітапханамыздың қызмет көрсету бөлімінің байланыс телефоны арқылы біле аласыздар: 8 (710-30) 7 90 11

Байқауға асығайық, құрметті оқырмандар!