«Kitap taxi» жобасы

18.09.2019

Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Kitap taxi» жобасы  биылдан бастап бастау алды.

Жол шетінде көлік тосып тұрған аудан тұрғындары «Kitap taxi» – ге мініп, өздерінің айтқан жерлеріне тегін жеткізілді. Бірақ жолаушыларға «Kitap taxi» – дің жобасы түсіндіріліп, оқырмандарымызбен сұхбаттасып, сұрақтарға жауап беріп, өздерінің кітапханамызға деген тілектерін, жылы лебіздерін білдірді. Кез келген кездейсоқ жолаушы тегін жетіп қана қоймай, Қасым Аманжоловтың «Жыр жазамын жүрегімнен» атты аудиокітаптары сыйға берілді. Ұйымдастырылған жоба аудан тұрғындарының көңілдерінен шығып,  рухани азық сыйлады.